Семинар «Бояулар арқлы қиялда»
Семинар «Бояулар арқлы қиялда»
Бөбекжайда аудандық тәжірибе алмасу семинар өтті. Аудан бойынша бөбекжай пеадгогтары семинарға қатысып, педагогтарымыздың жұмысына қатысып, тәжірибе алмасты. Тақырыбы «Бояулар арқылы қиялда» (шебер сынып) .Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымда педагогтердің шығармашылық қабілеттерін арттыруда өзара тәжірибе алмасуына әдістемелік көмек жұмыстарын ұйымдастыру.
Семинарға ауданнан ОӘО әдіскері А.Құлмұратова қатысты. Жоспар бойынша төмендегі педагогтарымыз өз тәжірибелерін көрсетіп, бөлісті.
1.Бөбекжай психологі Ш.Ибраева «QUIVER» әдісінің ерекшеліктерін көрсетіп, түсіндіріп өтті. Балаларды қызықтыратын ойын түрлерін осы әдіспен тамашалатып көрсету жолдарын слайд арқылы, тәжірибе бойынша да дәлел терінде әріптестерге көрсетті.
2.Тәрбиеші Э.Байменова «Ғажайып боулар» тақырыбында шебер сынып көрсетті.
3.Бейнелеу маманы А.Бекесова «Түрлі түстер құпиясы» тақырыбында боялған жүндермен картина жасау жолдарын көрсетті.
4.Тәрбиеші Г.Жайекенова «Папье-маше» әдісімен ыдыстар жасау әдісін көрсетіп, бөлісті.
5.Бөбекжай әдіскері А.Кыдырбаева «Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың түрлері» тақырыбында баяндаманы слайд арқылы оқып қорытындылады.